jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Шавкат Рахмонов мансабын аяқтаған соң немен айналысатынын айтты

    Шавкат Рахмонов
    Шавкат Рахмонов. Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images

    UFC-де өнер көрсететін Шавкат Рахмонов мансабын аяқтаған соң немен айналысатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Бұл туралы отандық спортшы журналист Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында сөз етті.

    Шавкат Рахмонов мансабын аяқтаған соң жеке кәсіппен айналысуы мүмкін екенін жеткізді.

    "Мансабымды аяқтаған соң бизнеспен айналысамын деп ойлаймын. Қазірдің өзінде жай-жайлап бастап жатырмыз", - деді қазақстандық аралас жекпе-жек шебері.

    Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдағанын жазған едік.

    Президент даңқты спортшыны таяуда Лас-Вегас қаласында өткен UFC турнирінде жеңіске жетуімен құттықтады. 

    Жарыста отандық спортшы америкалық Джефф Нилді қылқындыру әдісімен ұтты.

    Шавкат Рахмонов мансабын аяқтаған соң немен айналысатынын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.