jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Асу Алмабаев UFC-дегі дебютін мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтады

    Асу Алмабаев
    Асу Алмабаев. Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images

    Қазақстандық ММА боксшысы Асу Алмабаев UFC-де дебют жасады. Боксшы әлемдік промоушен UFC on ESPN 50 турнирін сенімді жеңіспен бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Асу Алмабаев UFC жетекшілігімен өткен алғашқы жекпе-жегін америкалық файтер Ауди Осборнға қарсы өткізді. Жекпе-жек жеңіл салмақ дәрежесінде өтті.

    Алмабаев жекпе-жекте қарсыласынан бірден басым түсті. Бірінші раундта ол партердегі жағдайды бақылап, соңында қарсыласын тұншықтырып жеңіске бір қадам жақындады.

    Екінші раундта да қарсылас ештеңе көрсете алмады. Алмабаев бұл раундта да басым болды. Тұншықтырып ұстайтын тәсілін қайтадан қолданды. Бұл жолы Осборн ешқандай әрекет жасай алмады.

    Осылайша, Асу Алмабаев UFC турниріндегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.

    Асу Алмабаев UFC-дегі дебютін мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.