Ережесіз жекпе-жек шебері Қуат Хамит жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді. Бұл туралы "Берен" YouTube арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Бәрі Алладан ғой. Маңдайымызға жазылып қойған нәрсе шығар. Спорт, спорт, спорт деп жүріп, өзімді ұмытып кеттім. Алдыңғы жылдары араласып жүрген қыздар болатын. Танысып, сөйлесіп жүрген жақсы қыздар. Бірақ оларға: "Қазір үйленуге дайын емеспін. Сен тіпті, Анджелина Джоли болсаң да, қазір үйленуге дайын емеспін. Өйткені менің алға қойған мақсатым, спорттағы жоспарларым бар. Осыларды орындамай, үйленуге дайын емеспін", - деп айтатынмын.
Қазір үйленуге дайын сияқтымын. Бірақ жолықпай жүр. Тәрбиенің бәрі анадан ғой. Қазіргі жас қыздарға қарасам... Бәрі емес, бірақ арасында ішімдікке, есірткіге үйірлері бар. Көбісі наркоман болып кеткен. Жастар бұзылған. Маған ақылды, қарапайым, иманды, бала-шағама жақсы ана болатын, әке-шешеме қарайтын, дұрыс қыздар жолықпай жүр. Бұл - шындық.
Әке болған соң ұлдарымның спортшы болғанын қалаймын, тәрбиелеймін. Сол мықты, ақылды ұлдарды тәрбиелейтін қыздар маған жолықпай жүр. Мүмкін, мен жақсы адамдар жүретін жерде жүрмейтін шығармын. Таңнан кешке дейін спортзалдамыз. Кешкі оннан соң шығамыз серуенге. Дені дұрыс адам бұл уақытта жүрмейді", - деді Қуат Хамит.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2033267-dzoli-bolsan-da-uilenbeimin-quat-xamit-ali-kunge-deiin-surboidaqtar-qatarynda-zuruinin-sebebin-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.