Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық файтер Сәбит Жүсіпов Fight Nights промоушенінің чемпиондық титулын қорғайды

Опубликовано:

Сәбит Жүсіпов
Сәбит Жүсіпов. Фото: instagram/s.zhusupov01

Бүгін, 10 қарашада AMC Fight Nights турнирінде қазақстандық Сәбит Жүсіпов жеңіл салмақтағы чемпиондық титулын қорғайды. Бұл аталмыш турнирдің екінші негізгі жекпе-жегі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мәскеуде өтетін Fight Nights 120 турнирінің екінші негізгі жекпе-жегінде қазақстандық Сәбит Жүсіпов (15-3) бразилиялық Вандерлой Роса (15-6) кездеседі. Жүсіпов осы айқаста жеңіл салмақтың чемпиондық белбеуін қорғайды.

Еске салайық, Сәбиттің белбеуді қорғаудағы алғашқы қарсыласы әзірбайжандық Магеррам Гасанзаде (9-1) болуы тиіс еді. Алайда турнирге он күн қалғанда Гасанзаде жарақат алып, жұдырықтасуға шыға алмайтын болды. Орнына бразилиялық Вандерлой шығады.

Айта кетейік, Fight Nights 120 турнирінің басты жекпе-жегінде ресейлік Мариф Пираев (27-4) жерлесі Максим Буторинмен (21-5) жұдырықтасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2045097-qazaqstandyq-faiter-sabit-zusipov-fight-nights-promouseninin-cempiondyq-titulyn-qorgaidy/

pixel