jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Жалғас Жұмағұлов UFC-де жұдырықтаса алатын қазақстандық файтерлерді атады (видео)

    Жалғас Жұмағұлов
    Жалғас Жұмағұлов. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC

    Қазақстандық жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов UFC промоушенімен келісімшартқа отыра алатын қазақстандық файтерлерді атады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Naiza TV Youtube арнасына сілтеме жасап.

    Әлемнің үздік промоушені UFC-де жұдырықтасқан файтер Жалғас Жұмағұлов қазақстандық спортшылар туралы сөз қозғады.

    "Әліби Идрис UFC промоушенінде көп жетістікке жете алады. Өте тәрбиелі және еңбекқор жігіт. Нұрбек Қабдрахманов та сол тізімде. Түсінігі өте мол адам деп білемін. Бағдат Жұбаныш та тамаша файтер. Бірақ салмақ дәрежесі келмейді. Сонымен қатар Дастан Амангелдіні де айтар едім", – деді Жалғас Жұмағұлов.

    Айта кетейік, ережесіз жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов (14-9) 6 желтоқсанда қазақстандық промоушен ұйымдастыруымен өтетін Naiza 55 турнирінде бразилиялық файтер Яго Рибейроға (12-3) қарсы жұдырықтасады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.