jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Naiza 55: Жалғас Жұмағұловтың қарсыласы ауысты

    Жалғас Жұмағұлов
    Жалғас Жұмағұлов. Фото: Chris Unger/Contributor/Getty Images

    Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұловтың Naiza 55 турниріндегі қарсыласы ауысты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Naiza промоушенінің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.

    Ережесіз жекпе-жек шебері қазақстандық Жалғас Жұмағұлов (14-9) 6 желтоқсанда Naiza 55 турнирінде бразилиялық файтер Яго Рибейроға (12-3) қарсы жұдырықтасу керек еді. Алайда Рибейро денсаулығына байланысты октагонға шыға алмайды. Бразилиялық файтер шұғыл түрде көзіне ота жасатуы керек екен.

    Десе де Жалғас Жұмағұловқа қарсылас жылдам табылды. 6 желтоқсан қазақстандық файтерге қарсы октагонға жапониялық Накамура шығады.

    Еске салайық, Жалғас Жұмағұловтың соңғы жекпе-жегі 24 маусым UFC промоушенінде болған еді. Аса жеңіл салмақ тұжырымында америкалық Джошуа Ваннан төрешілердің шешімі бойынша есе жіберді.

    Naiza 55: Жалғас Жұмағұловтың қарсыласы ауысты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.