jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Шавкат Рахмонов Bellator промоушенінің чемпионымен жаттығу өткізуде (видео)

    Шавкат Рахмонов октагонда
    Шавкат Рахмонов октагонда. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

    Қазақстандық жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов 16 желтоқсан болатын жұдырықтасуына оқу-жаттығу жиынын жалғастыруда. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    UFC промоушенінің жартылай орта салмағында өнер көрсететін Шавкат Рахмонов 6 желтоқсан америкалық Стивен Томпсонға қарсы кездесу өткізеді. Қазақстандық файтер Лас-Вегаста болатын жекпе-жек алдында Kill Cliff залында оқу-жаттығу жұмыстарын жалғастыруда.

    Dar Pro Team командасының Instagram-дағы ресми парақшасында Шавкат пен Майкл Чендлердің бір жаттығу залында дайындалып жатқанын көруге болады.

    Еске салайық, Майкл Чендлер UFC промоушенінің жеңіл салмақ дәрежесінде 5-орында тұр. 2010-2020 жылдар аралығында Bellator лигасында жұдырықтасқан еді. Сонымен қатар сол промоушеннің 3 дүркін чемпионы.

    "Майкл Чендлер мен Шавкат Рахмонов Kill Cliff жаттығу залында дайындық жүргізіп жатыр", – деп жазылған Dar Pro Team командасының Instagram-дағы ресми парақшасында.

    Айта кетейік, Шавкат Рахмонов пен америкалық файтер Стивен Томпсон арасындағы кездесу 16 желтоқсан болады. Бұл жекпе-жек UFC 296 турнирінің басты кардында өтеді.

    Шавкат Рахмонов Bellator промоушенінің чемпионымен жаттығу өткізуде (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.