Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Царукян UFC турнирінде Дариушты бірінші раундта нокаутқа түсірді (видео)

Опубликовано:

Арман Царукян
Арман Царукян. Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images

UFC on ESPN 52 турнирінің басты жекпе-жегі Американың Остин қаласында өтіп, Арман Царукян (Армения) мен Бенеил Дариуш (АҚШ) жекпе-жекке шықты. Бұл жекпе-жек титулға талас үшін болған жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жекпе-жек жеңіл салмақта өтті. Ол небәрі бір минутқа созылды. Царукян қарсыласының басынан дәл соққы жасап, оны нокдаунға түсірген. Ал артынша Арман жерге құлаған қарсыласын жерден тұрғызбай ұра бастады - ақыры рефери жекпе-жекті тоқтатты.

Бұл Царукянның үшінші рет қатарынан жеңісі. Дариуш болса бұл жекпе-жекте екінші рет қатарынан раунд біткенге дейін ерте ұтылды.

Айта кетейік, жекпе-жек кезінде титул үшін күрес болған жоқ.

Сондай-ақ шоу аясында басты кездесуге дейінгі жекпе-жекте Джалин Тернер бірінші раундта Бобби Гринді жеңген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2048844-carukyan-ufc-turnirinde-dariusty-birinsi-raundta-nokautqa-tusirdi-video/

pixel