jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Рахмонов қарындасының ұзату тойында АҚШ-тан видео арқылы тілегін арнады

    Сора Рахмонова жұбайымен
    Сора Рахмонова жұбайымен. Фото : instagram.com/rakhmonova

    Қазақстандық ММА шебері Шавкат Рахмонов қарындасы Сора Рахмонованың ұзату тойына келе алмады. Ол қарындасына арнаған тілегін АҚШ-тан видео арқылы жолдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Сора Рахмонованың ұзату тойы 8 желтоқсанда болды. Оның таңдаған жары - Нұрсұлтан Орынбасаров та спортшы.

    "Спортшы, чемпион болу бір бақыт, ал, сүйгеніңеді тауып, ұяңнан ұзатылу - ол мүлде басқаша бақыт! Жүрегімді аялайтын, спортымды түсінетін, мені барлық күйімде сүйе алатын жар жолықтырған Аллаға шүкір!

    Ата-ана, бауыр, туыстарыма мені еркелетіп өсіргені үшін алғыс айтамын. Баршаңыздың ақ тілектеріңіз қабыл болсын. Өз үйіме аттандым", - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

    Шавхат Рахмонов
    Шавхат Рахмонов. Видеодан кадр: instagram.com/rakhmonova

    Танымал жекпе-жек шебері Рахмоновтың қарындасын эстрада жұлдызы Мәдина Сәдуақасова ұзатты. Тойда өнердегі танымал адамдар болған.

    Рахмонов қарындасының ұзату тойында АҚШ-тан видео арқылы тілегін арнады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.