jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Шавкат қазақстандықтарды жекпе-жегімен тұспа-тұс келген Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады

    Файтер Шавкат Рахмонов
    Файтер Шавкат Рахмонов. Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images

    Шавкат Рахмонов 17 желтоқсан Лас-Вегаста өтетін UFC 296 турнирінде америкалық файтер Стивен Томпсонға қарсы жұжырықтасады. Спортшылар жекпе-жек алдындағы баспасөз мәслихатына қатысты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ UFC промоушенінің Youtube-тағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Бүгін, 15 желтоқсан UFC 296 турнирінде өнер көрсететін спортшылар баспасөз мәслихатын өткізді. Олардың ішінде негізгі кардта жұдырықтасатын Шавкат Рахмонов пен Стивен Томпсон да болды. Шавкат қазақстандықтарды Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, жеңіске жету үшін барын салатынын мәлімдеді.

    "Қазақ халқы, келе жатқан Тәуелсіздік күні мерекесі құтты болсын. Бұл біз үшін өте маңызды күн. Сондықтан тек ғана жеңіске жетемін деп ойлаймын. Бар күшімді сол жекпе-жекке саламын", – деді Шавкат Рахмонов.

    UFC 296 турнирінде жұдырықтасатын америкалық файтер Стивен Томпсон мен Шавкат Рахмонов жекпе-жек алдындағы көз түйістіру рәсімін өткізген еді.

    Шавкат қазақстандықтарды жекпе-жегімен тұспа-тұс келген Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.