jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Қазақтардың жанашыры": Шавкат Рахмонов жекпе-жек алдында "Абай жолын" оқығанын айтты

    Казахстанский боец ММА Шавкат Рахмонов
    Шавкат Рахмонов: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

    Бүгін қазақстандық аралас жекпе-жек жұлдызы Шавкат Рахмонов (17-0) UFC 296 алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Спортшы маңызды кездесуге физикалық тұрғыдан ғана емес, рухани жағынан да дайындалатынын айтты. Ол жекпе-жек алдында "Абай жолын" оқығанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Шавкат Рахмонов алдағы маңызды жекпе-жек алдында сұхбат беріп, өз дайындығы туралы айтып берді.

    Спортшы жаттығулармен қатар, соңғы уақытта рухани дүниеге де ерекше көңіл бөле бастағанын айтты. Ол жекпе-жегі алдында Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы" кітабын оқып шыққан екен.

    "Дайындық кезінде қатаң тәртіп ұстанамыз. Уақытылы ұйықтап, уақытылы тамақ ішеміз, жаттығамыз. Түнде жақсы ұйықтау үшін күндіз ұйықтамауға тырысамын. Күніне екі рет жаттығамыз. Бос уақытымызда кейде демаламыз, отбасымызға көңіл бөлеміз.

    Кітап оқуға көп уақыт бөле бастадым. Соңғы оқыған кітабым - "Абай жолы". Бірінші томын оқып шықтым. Енді үшеуі қалды. Абай Құнанбаев - әйгілі ақын-жазушы. "Абайдың қара сөздері" Қазақстанды жиі қолданылады. Ол қазақтардың нағыз жанашыры. Абай қазақтарға қатысты болған әділетсіздікті көріп, әділеттік үшін күрескен, барын берген адам", - деді спортшы UFCEurasia Instagram парақшасына берген сұхбатында.

    Еске сала кетейік, қазақстандық Шавкат Рахмонов пен америкалық Стивен Томпсон арасындағы жекпе-жек 16 желтоқсанда Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile аренасында өтетін UFC 296 турнирінде өтеді.

    "Қазақтардың жанашыры": Шавкат Рахмонов жекпе-жек алдында "Абай жолын" оқығанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.