jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Шавкат Рахмонов UFC промоушеніндегі алтыншы жеңісіне қол жеткізді (видео)

    Шавкат Рахмонов
    Шавкат Рахмонов. Фото: Cooper Neill/Zuffa LLC via Getty Images

    Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов ММА спортындағы он сегізінші кәсіпқой жекпе-жегін, ал UFC-дегі алтыншы кездесуінде жеңіске жетті. Спортшы қарсыласын тұншықтыру әдісімен жеңді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Бүгін, 17 желтоқсан Лас-Вегаста UFC 296 турнирі өтті. Кештің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Леон Эдвардс пен Колби Ковингтон жұдырықтасты. Дәл осы салмақта өнер көрсететін қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (18-0) америкалық спортшы Стивен Томпсонмен (17-7-1) кездесті.

    Шавкат UFC промоушеніндегі алтыншы қарсыласын тұншықтыру әдісімен жеңді. Спортшы екінші раундта тұншықтыру әдісін жасады. Осылайша қазақстандық кәсіпқой мансабындағы он сегізінші, ал UFC-дегі алтыншы жеңісіне қол жеткізді. Рахмонов әлі күнге дейін бірде-бір рет жеңілген жоқ.

    Стивен Томпсон болса, кәсіпқой ММА мансабында жетінші мәрте есе жіберіп отыр. Шавкат бұл жекпе-жекке дейін жартылай орта салмақ дәрежесінде 5-орындағы файтер болса, Стивен 6-орында тұрған еді.

    Шавкат Рахмонов UFC промоушеніндегі алтыншы жеңісіне қол жеткізді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram