jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    UFC рейтінгі жаңарды: Шавкат Рахмонов тізімде жоғарылады

    Шавкат Рахмонов
    Шавкат Рахмонов. Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images

    17 желтоқсан Лас-Вегаста өткен UFC 296 турнирінде жартылай орта салмақ дәрежесінде америкалық спортшы Стивен Томпсонды жеңген Шавкат Рахмонов рейтингте 3-орынға көтерілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ UFC промоушенінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Стивен Томпсонға қарсы жекпе-жекке дейін Шавкат 5-орында тұрған еді. Ал 3-орындағы америкалық файтер Колби Ковингтон чемпион Леон Эдвардстан жеңіліп, 5-орынға түсті. Лас-Вегастағы "Ти-Мобайл-Аренада" Эдвардс Ковингтонды қазылар алқасының бірыңғай шешімімен жеңді.

    UFC промоушенінің жарты орта салмақтағы үздік 5 файтері:

    Дивизион чемпионы – Леон Эдвардс(Ұлыбритания);

    1. Камару Усман (АҚШ);
    2. ⁠Белал Мухаммад (АҚШ);
    3. Шавкат Рахмонов (Қазақстан);
    4. ⁠Гилберт Бернс (Бразилия);
    5. ⁠Колби Ковингтон (АҚШ).

    Жартылай орта салмақ чемпионы Леон Эдвардс қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновпен кездесу өткізуге дайын екенін айтқан еді.

    UFC рейтінгі жаңарды: Шавкат Рахмонов тізімде жоғарылады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.