Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шавкат Рахмонов титулдық жекпе-жекке шығуы мүмкін

Опубликовано:

Шавкат Рахмонов
Шавкат Рахмонов. Фото: Sean M. Haffey/Getty Images

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов 2024 жылы UFC промоушенінің жартылай орта салмақтағы титулдық жекпе-жегіне шығуы мүмкін. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ инсайдер Ариэль Хельванидің Twitter-дегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

UFC промоушенінің жартылай орта салмақ чемпионы Леон Эдвардс сәуір айында октагонға оралады. Файтер алтын белбеуін UFC 300 турнирі аясында өтетін жекпе-жекте қорғайды.

Инсайдер Ариэль Хельванидің хабарлауынша, Шавкат UFC 300 турнирінде Леон Эдвардспен күш сынасуы мүмкін. Бірақ титулдық кездесуге басты үміткер – Белал Мұхаммад.

"Леон Эдвардс чемпиондық титулын UFC 300 турнирінде қорғайды. Қазіргі уақытта оның қарсыласы Белал Мұхаммад болатыны белгілі. Десе де бұл тізімде Шавкат та бар", – деп жазды Ариэль.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов желтоқсан айында Стивен Томпсонды жеңіп, жартылай орта салмақ дәрежесінде үшінші орынға көтерілген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2053677-savkat-raxmonov-tituldyq-zekpe-zekke-syguy-mumkin/

pixel