jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    Хабиб Нурмагомедов UFC-ге қайтып оралуы туралы сыбыстарға жауап берді

    Хабиб Нурмагомедов
    Хабиб Нурмагомедов. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC

    Аралас жекпе-жек шебері және жеңіл салмақ дәрежесіндегі UFC промоушенінің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов UFC 300 турнирінде өнер көрсететіні туралы сыбыстарға жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Хабиб Нурмагомедовтың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    UFC промоушенінің жеңіл салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов Instagram-дағы ресми парақшасында кәсіпқой спортқа оралуы жайлы шешімін айтты.

    Хабиб Нурмагомедов пен Златан Ибрагимович
    Хабиб Нурмагомедовтің Instagram stories-і. Скриншот: instagram.com/khabib_nurmagomedov

    "UFC 300 менсіз өтеді, UFC 400 де", – деп жазды Хабиб Нурмагомедов.

    Еске салайық, Хабиб кәсіпқой мансабында 29 жекпе-жек өткізіп, 29 рет жеңіске жеткен. Олардың ішінде 13 кездесу UFC промоушенінде өтті. Ресейлік файтердің соңғы кездесуі 2020 жылы UFC 254 турнирінде америкалық Джастин Гэтжимен болды. Жекпе-жек Хабибтің Гэтжиді қылқындыру тәсілі арқылы жеңіске жетуімен аяқталған еді.

    Нұрмагомедов Sherdog тұжырымы бойынша орта салмақ дәрежесіндегі нөмірі бірінші спортшы. Панкратионнан Еуропа чемпионы, NAGA Grappling тұжырымы бойынша әлем чемпионы, самбодан Еуропа чемпионы. 2021 жылы "Қоғамдық пікір" қорының сауалнамасы бойынша спорттағы "Жыл адамы" атағына ие болған.

    Хабиб Нурмагомедов UFC-ге қайтып оралуы туралы сыбыстарға жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.