Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

UFC промоушеніне ауысатын қазақстандық файтерлердің есімі аталды

Опубликовано:

Нұрбек Қарабала
Нұрбек Қарабала. Фото: instagram.com/nurbekkarabala

Naiza лигасының президенті Нұрбек Қарабала UFC промоушенімен келісімшарт жасасуы мүмкін қазақстандық файтерлерді атады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ sarbazpodcast Youtube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Меніңше стилистикалық, медиадағы танымалдық және спортшы тұрғыдан Әліби (Ыдырыс) дайын. Әліби танымалдылықты жақсы жинады, ол туралы бәрі айтады, барлық жерде құрметті қонақ. Біліктілігін күн сайын дамытып жатыр. Сонымен қатар Бекзат Алмаханды (бұл файтер UFC-мен келісімшарт жасасты), Магомед Кабардиевті атауға болады.

Дастан сияқты жігіттер әлі күш жинауы керек. Нұрбек Кабдрахманов пен Дастан Амангелдиев қазіргі таңда Әліби Ыдырыс сияқты танымал емес. Десе де спорттық көрсеткіш жағынан Нұрбек те дайын. Топ-5 тізімге Сәбит Жүсіпов пен Диар Нұрғожаевты қосуға болады", – деді Нұрбек Қарабала.

Еске салайық, бұған дейін UFC-ге тағы бір қазақстандық файтер қосылғанын жазғанбыз. Ал Азат Мақсұм UFC-дегі екінші жекпе-жегінде жеңіліс тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2059374-ufc-promousenine-auysatyn-qazaqstandyq-faiterlerdin-esimi-ataldy/

pixel