jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Азат Мақсұм кәсіби мансабында алғаш рет жеңіліс тапты (видео)

    Азат Мақсұм және Чарльз Джонсон
    Азат Мақсұм және Чарльз Джонсон. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

    Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Азат Мақсұм кәсіби мансабында алғаш рет жеңіліске ұшырады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    АҚШ-та өткен UFC Fight Night 235 турнирінде Азат Мақсұм америкалық файтер Чарльз Джонсонмен күш сынасты. Үш раундтың қорытындысы бойынша Джонсон төрешілердің шешімімен жеңіске жетті (29-28, 29-28, 29-28).

    Осылайша қазақстандық жекпе-жекші кәсіби мансабында алғаш рет жеңіліс тапты. Бұған дейін ол 17 мәрте қарсыластарынан басым түскен еді. Ал Чарльз Джонсонның активінде осымен 14 жеңіс, 6 жеңіліс бар.

    Айта кетейік, Джонсон 2022 жылдың қараша айында тағы бір қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұловпен (15-9) жекпе-жек өткізіп, төрешілердің шешімімен жеңген еді.

    Азат өткен жылы шілде айында UFC-дегі дебютінде АҚШ өкілі Тайсон Нэмді (21-14-1) ұтқан болатын.

    Еске салайық, осыған дейін Азат Мақсұм жайлы 5 қызық факт ұсынған болатынбыз.

    Азат Мақсұм кәсіби мансабында алғаш рет жеңіліс тапты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.