HFC MMA лигасының чемпионы, Тәжікстан өкілі Фазлиддин Мадрахимов қазақстандық файтер Дамир Исмагуловты жекпе-жекке шақырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ HFC MMA лигасының Вконтакте желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Өздеріңіз білетіндей, мен Hardcore (HFC) лигасының екі салмақ дәрежесіндегі чемпионымын және жақында чемпиондық белбеуімді қорғаймын. Бірақ әңгіме бұл туралы емес. Жуырда Эдуард Вартанян мен Дамир Исмагулов арасында жекпе-жек өтетінін естіген шығарсыздар. Бұл екеуі де үздік жауынгер. Бірақ олар неге екені белгісіз кикбоксингтің ережесі бойынша (3 минуттан 3 раунд) төбелеседі.
Меніңше олар зейнетке ерте шығуды шешкен сияқты. Мен ол жағынан көмектескім келеді. UFC-дің үздік файтері Дамир Исмагуловтан бастасам деймін. Ол екеуіміздің кездесуіміз ТМД-да ең көп талқыланатын жекпе-жек болады деп ойлаймын. Бұл туралы не айтасыздар? Hardcore, қане, мұны жасайық!", – деді Мадрахимов.
Айта кетейік, Эдуард Вартанян мен Дамир Исмагулов арасындағы жекпе-жек 2 наурызда өтеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2060895-zeinetke-ziberemin-tazikstandyq-faiter-damir-ismagulovty-zekpe-zekke-saqyrdy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.