jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    "Жас емеспін": Жасұлан Әкімжан қазақстандық файтерлермен жекпе-жекке неге шыққысы келмейтінін айтты

    Жасұлан Әкімжан
    Жасұлан Әкімжан. Фото:: youtube.com/@NAIZATV

    MMA шебері Жасұлан Әкімжан қазақстандық файтерлермен жекпе-жекке неге шыққысы келмейтінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Naiza лигасының Youtube-тағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Жасұлан Әкімжан қарсылас таңдап беретін матчмейкерлерге өтінішін жеткізді.

    "Неге екені белгісіз, маған 2-0, 3-0 деген статистикасы бар файтерлерді беретін болыпты. Неге? Оларды ұтқанымнан маған келіп-кетер пайда жоқ. Жеңілсем, сынға ұшыраймын. Оданда 10-0 деген статистикасы бар жігіттерді әкеліңдерші. Жеңсем, өзіме жақсы. Ұтылып қалсам, ештеңе етпейді. Бұл – спорт.

    Маған қазақстандық файтерлерді мүлде бермеуді ұсынамын. Мәселен, Ресейде небір мықты жігіттер бар. Мықтылармен төбелесуім керек деп ойлаймын. Менімен деңгейлес немесе менің деңгейімнен жоғары жігіттермен жекпе-жекке шыққаным жөн. Өйткені өзімді дәлелдеуім қажет, жас емеспін", – деді Жасұлан Әкімжан.

    Еске салайық, Жасұлан Әкімжан соңғы рет 2023 жылы желтоқсанда Naiza 55 турнирінде жекпе-жекке шығып, Франция өкілі Джейсон Понеден жеңіліп қалған еді.

    "Жас емеспін": Жасұлан Әкімжан қазақстандық файтерлермен жекпе-жекке неге шыққысы келмейтінін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.