UFC президенті Дана Уайт орта салмақтағы бұрынғы чемпион Исраэль Адесанья мен Хамзат Чимаев арасында жекпе-жек өтетіні туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Дана Уайттың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Исраэль Адесанья мен Хамзат Чимаев арасында 23 маусым күні Эр-Рияд қаласында (Сауд Арабия) жекпе-жек болатыны туралы ақпарат тараған еді. Тіпті Эр-Риядтағы "Kingdom Arena" спорт кешенінің ресми сайтында билеттер сатыла бастаған.
Кейін бұл ақпаратты UFC президенті Дана Уайт жоққа шығарды.
"Жекпе-жек болмайды. Бұл – фейк жазба. MMA туралы жазатын барлық БАҚ тек мәселе тудырады. Өңшең сайқымазақтар", – деп жазды Дана Уайт Instagram Stories-ке.
Еске салайық, UFC-дің президенті Шавкат Рахмоновқа қарсылас таңдағанын жазғанбыз. Дана Уайттың айтуынша, егер Иэн Гэрри кезекті жекпе-жегінде жеңсе, дивизиондағы мықты файтерлердің бірімен, соның ішінде рейтингте үшінші орында тұрған Шавкат Рахмоновпен кездесуі мүмкін.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2062167-ufc-prezidenti-xamzat-cimaev-zaily-tosyn-malimdeme-zasady/