jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    UFC-дің президенті Шавкат Рахмоновқа қарсылас таңдады

    Шавкат Рахмонов
    Шавкат Рахмонов. Фото: Cooper Neill/Zuffa LLC via Getty Images

    UFC промоушенінің президенті Дана Уайт қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы кім болуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ журналист Кевин Лоленің Youtube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    18 ақпанда жартылай орта салмақтағы ирландиялық файтер Иэн Гэрри (13-0) мен АҚШ өкілі Джефф Нил (15-5) UFC 298 турнирі аясында жекпе-жек өткізеді. Дана Уайттың айтуынша, егер Иэн Гэрри осы кездесуде жеңсе, дивизиондағы мықты файтерлердің бірімен, соның ішінде рейтингте үшінші орында тұрған Шавкат Рахмоновпен кездесуі мүмкін.

    "Гэрри үшін бұл қиын жекпе-жек. Егер ол Джефф Нилды жеңе алса, рейтингте 7-орынға шығады. Сөйтіп Шон Брэди, Колби Ковингтон, Гилберт Бернс және Шавкат Рахмоновқа көз тіге алады. Сенбі күні өтетін кездесуде қарсыласынан басым түссе, 2024 жылдың соңында салмақты жекпе-жектер өткізеді", – деді Дана Уайт.

    Еске салайық, Шавкат Рахмонов америкалық файтер Колби Ковингтонмен кездесуі мүмкін екенін жазғанбыз. Жекпе-жек биыл жазда Сиэтлдегі (АҚШ) UFC турнирінде өтуі ықтимал екені айтылды.

    UFC-дің президенті Шавкат Рахмоновқа қарсылас таңдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.