jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    UFC президенті Хамзат Чимаев жайлы тосын мәлімдеме жасады

    Дана Уайт
    Дана Уайт. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

    UFC президенті Дана Уайт орта салмақтағы бұрынғы чемпион Исраэль Адесанья мен Хамзат Чимаев арасында жекпе-жек өтетіні туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Дана Уайттың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Исраэль Адесанья мен Хамзат Чимаев арасында 23 маусым күні Эр-Рияд қаласында (Сауд Арабия) жекпе-жек болатыны туралы ақпарат тараған еді. Тіпті Эр-Риядтағы "Kingdom Arena" спорт кешенінің ресми сайтында билеттер сатыла бастаған.

    "Kingdom Arena" спорт кешенінің ресми сайты
    "Kingdom Arena" спорт кешенінің ресми сайты. Скриншот: kingdomarena-sa.com

    Кейін бұл ақпаратты UFC президенті Дана Уайт жоққа шығарды.

    "Жекпе-жек болмайды. Бұл – фейк жазба. MMA туралы жазатын барлық БАҚ тек мәселе тудырады. Өңшең сайқымазақтар", – деп жазды Дана Уайт Instagram Stories-ке.

    Дана Уайттың Instagram Stories-тегі жазбасы
    Дана Уайттың Instagram Stories-тегі жазбасы. Скриншот: instagram.com/stories/danawhite

    Еске салайық, UFC-дің президенті Шавкат Рахмоновқа қарсылас таңдағанын жазғанбыз. Дана Уайттың айтуынша, егер Иэн Гэрри кезекті жекпе-жегінде жеңсе, дивизиондағы мықты файтерлердің бірімен, соның ішінде рейтингте үшінші орында тұрған Шавкат Рахмоновпен кездесуі мүмкін.

    UFC президенті Хамзат Чимаев жайлы тосын мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.