Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Бекзат Алмахан UFC промоушеніндегі дебютінде жеңіліп қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
26 жастағы қазақстандық файтер Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC Fight Night 238 турнирінде ресейлік аралас жекпе-жек шебері Умар Нурмагомедовпен кездесті. Үш раундқа созылған жекпе-жекте Умар Нурмагомедов төрешілердің шешімімен басым түсті. Осылайша мансабындағы он жетінші, UFC-дегі бесінші жеңісіне қол жеткізді. Ал Бекзат Алмахан мансабында екінші рет жеңіліске ұшырады.
Еске салайық, Бекзат Алмахан қаңтар айында UFC-мен келісімшартқа отырған еді. Кейін оның промоушендегі алғашқы қарсыласы Хабиб Нурмагомедовтің туысқаны Умар Нурмагомедов болатыны анықталды. Ол Бекзат Алмаханмен күш сынасуға неге келісім бергенін айтты. Сондай-ақ Бекзаттың менеджері Нұраддин Садықов маңызды жекпе-жек алдында мәлімдеме жасаған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2064147-bekzat-almaxan-ufc-degi-algasqy-zekpe-zeginde-zenilis-tapty/