Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Умар Нурмагомедов қазақстандық файтер Бекзат Алмаханмен жекпе-жекке шығуға неге келіскенін айтты

Опубликовано:

Умар Нурмагомедов
Умар Нурмагомедов. Фото: instagram.com/umar_nurmagomedov

Ресейлік аралас жекпе-жек шебері Умар Нурмагамедов UFC-де дебют жасағалы тұрған қазақстандық файтер Бекзат Алмаханмен күш сынасуға неге келіскенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ушатайка Youtube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Мен ұзақ уақыт бойы жекпе-жек сұрадым. Төбелескім келетінін айттым. Ал олар міне қарсыласың, төбелес, деді. Мен жақсы, бірақ бұл адаммен жекпе-жекке шыққым келмейді деп айта алмаймын ғой. Осылайша қарсылас ретінде біреуді табу қиындық тудырды. Бекзат маған қарсылас болатынын естігенде "ол менімен төбелесуге дайын ба?", – деп сұрадым.

Оның дайын екенін білгеннен кейін, мен де сақадай сай екенімді жеткізіп, келісе кеттім. Мен 3 ай бойы жекпе-жек сұрап жүріп, қалағаныма жеткен кезде жоқ онымен шыққым келмейді, маған белбеу үшін жекпе-жек ұйымдастырыңдар деп те айта алмаймын ғой. Бұл – UFC, олар – монополистер, олар сенің ойыныңа араласпайды", – деді Умар Нурмагомедов "Ушатайка" Youtube арнасына берен сұхбатында.

Бекзат Алмахан мен Умар Нурмагамедов 3 наурызда Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін UFC Fight Night 238 турнирінде кездеседі. Бұл қазақстандық файтердің UFC-дегі дебюті болмақ. Ол осы жекпе-жекке қатысу үшін жақында АҚШ-қа жол тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2063413-umar-nurmagomedov-qazaqstandyq-faiter-bekzat-almaxanmen-zekpe-zekke-syguga-nege-keliskenin-aitty/

pixel