jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Дональд Трамп қазақстандық аралас жекпе-жек шебері қатысқан UFC турниріне барды

    Дональд Трамп
    Дональд Трамп. Фото: Scott Olson / Getty Images

    Америка Құрама Штаттарының бұрынғы президенті Дональд Трамп қазақстандық Асу Алмабаев өнер көрсеткен UFC 299 турнирінің құрметті қонағы болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Саясаткер ресми трансляция кезінде бірнеше рет көзге түсті. Ол жекпе-жекті UFC басшысы Дана Уайтпен бірге октагонға жақын жерден тамашалады. Трамп жекпе-жек өнерін жақсы көреді, промоушен турнирлеріне үнемі барып тұрады әрі бірнеше жекпе-жек шеберіне қолдау көрсетеді.

    UFC 299 қатысушыларының арасында қазақстандық Алмабаев болды. Жеңіл салмақта өнер көрсеткен қазақстандық спортшы америкалық Си Джей Вергараны жеңіп, ұйымдағы екінші жеңісіне қол жеткізді.

    Турнирдің басты жекпе-жегінде АҚШ өкілі Шон О'Мэлли эквадорлық Марлон Вераны жеңіп, жеңіл салмақ дәрежесінде алғаш рет UFC чемпиондық белбеуін қорғады.

    Дональд Трамп қазақстандық аралас жекпе-жек шебері қатысқан UFC турниріне барды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.