jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Еркебұлан Тоқтар ерегесіп қалған өзбекстандық файтерден есе қайтарды (видео)

    Еркебұлан Тоқтар мен Одилхон Камолов
    Еркебұлан Тоқтар мен Одилхон Камолов. Фото: instagram.com/erkebulan_toktar

    Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері және актер Еркебұлан Тоқтар (6-3) мен өзбекстандық файтер Одилхон Камолов (4-2) октагонда екінші рет кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Octagon 56 турнирінің аясында өткен жекпе-жек жеңіл салмақ дәрежесінде болды. Үш раундқа созылған айқаста Еркебұлан Тоқтар төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Осылайша MMA-дағы мансабында жетінші жеңісіне ие болды. Ал Одилхон үшінші мәрте жеңіліске ұшырады.

    Еске салайық, Еркебұлан Тоқтар мен Одилхон Камолов 2022 жылы Octagon 33 турнирінде кездескен еді. Бұл жекпе-жекте өзбекстандық файтер үшінші раундта ұтып кеткен болатын.

    Cондай-ақ Еркебұлан мен Одилхон Octagon промоушенінің Youtube желісіндегі подкастында ерегесіп қалған еді. Дегенмен подкаст жүргізушісі оларды сабырға шақырып, төбелестің алдын алған.

    Еркебұлан Тоқтар ерегесіп қалған өзбекстандық файтерден есе қайтарды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.