jitsu gif
Спорт

    UFC турниріндегі жекпе-жек жанжалға ұласты (видео)

    Брайан Баттл
    Брайан Баттл. Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images

    UFC турнирінде америкалық Брайан Баттл мен конголық Эндж Луса арасындағы жекпе-жек жарамсыз деп танылып, жанжалға ұласты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Жартылай орта салмақтағы (77,1 келіге дейін) спортшылар арасындағы кездесу Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өткен кештің екінші маңызды оқиғасы болды. Бастапқы раундта Баттл айқын басымдыққа ие болды: барлық төреші бұл аралықты 10:9 есебімен америкалықтың пайдасына шешті.

    Алайда екінші бес минуттық кезеңнің басында америкалық файтер бас бармағымен қарсыласының көзін шұғып алған. Лусаны дәрігер тексерген соң, жекпе-жекті тоқтатуды ұсынды. Конголықтың қалпына келуі үшін санаулы минуттар қалғандықтан, жекпе-жек жарамсыз деп танылды.

    Нәтиже жарияланғаннан кейін Баттл мен Луса қол алыспай, бір-бірін балағаттай жөнелді. Күзетшілер төбелес болмас үшін спортшыларды ажыратып әкетті.

    UFC турниріндегі жекпе-жек жанжалға ұласты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.