Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

UFC басшысы тарихи турнирдегі рекордтық бонустар жайлы мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Дана Уайт
Дана Уайт. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

UFC 300 турниріне қатысушылар 300 мың доллар көлемінде рекордтық бонус ала алады. Бұл туралы ұйым басшысы Дана Уайт баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

UFC промоушенінің 300-турнирі 13 сәуірде өтеді. Осы кардта өнер көрсететін америкалық файтер Джастин Гэджи мен Макс Холлоуэй Дана Уайттан бонусты бұрынғыдан да қомақты етуді сұрады.

Турнир алдындағы баспасөз мәслихатында Уайтқа бонус жайлы сұрақ қойылды. Бұл ретте кардтқа қатысушылар өз нұсқаларын ұсынды.

"300 мың? Солай болсын", – деді UFC басшысы.

Спортшылар бұл жаңалықты эмоционалды түрде қабылдап, шапалақ соқты. Бұл шешімді баспасөз мәслихатын тамашалаған жұртшылық та қызу талқылап, Уайттың есімін айқайлай бастады.

Осыған дейін UFC тарихындағы ең үлкен бонус 129 мың доллар болды. Ал негізі белгіленген сомма 50 мың долларды құрайды. Бонустар ең үздік жекпе-жек көрсеткен файтерлерге және ерекше нәтижеге жеткендерге беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2083754-ufc-bassysy-tarixi-turnirdegi-rekordtyq-bonustar-zaily-malimdeme-zasady/

pixel