jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Тағы бір қазақстандық файтер UFC-мен келісімшарт жасаспақ

    Мұратбек Қасымбай
    Мұратбек Қасымбай. Фото: instagram.com/muratbek_kassymbay

    Аралас жекпе-жек шебері Мұратбек Қасымбай жақында UFC промоушенімен келісімшартқа отыруы мүмкін. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ sport_kor Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Қазіргі таңда UFC-мен келіссөз жүргізіп жатырмыз, келісімшарт жасасуға жақын қалдық", – деді Мұратбек Қасымбай.

    Қазақстандық файтер соңғы жекпе-жегін 2023 жылдың желтоқсанында "Наше дело 81" турнирінде өткізді. Ол Ресей өкілі Александр Грозинмен кездескен болатын. Бұл бәсекеде Грозин төрешілердің шешімімен басым түсіп, кәсіби мансабындағы 24-жеңісіне қол жеткізді. Ал Мұратбек 5-рет жеңіліске ұшырады. Оның активінде 12 жеңіс бар.

    Айта кетейік, қазіргі таңда UFC-де қазақстандық 6 файтер өнер көрсетеді. Олар: Шавкат Рахмонов, Асу Алмабаев, Бекзат Алмахан, Азат Максұм, Сергей Морозов және Мария Агапова.

    Тағы бір қазақстандық файтер UFC-мен келісімшарт жасаспақ

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.