Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қызық файтер": ресейлік спортшы Федор Емельяненко Шавкат Рахмонов туралы пікірін айтты

Опубликовано:

Федор Емельяненко
Федор Емельяненко. Фото: Photo by Hans Gutknecht/MediaNews Group/The Los Angeles Daily News via Getty Images

Танымал ресейлік аралас жекпе-жек шебері Федор Емельяненко қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов туралы пікірін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Шавкатты сырттай танимын. Мансабын жеңіліссіз жалғастыра беруін тілеймін. Қызық файтер. Одан әрі дамып, чемпион болсын", – деді Федор Емельяненко Youtube желісіндегі "Уақыт көрсетеді" арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, "Соңғы император" лақап атымен танымал Федор Емельяненко – төрт дүркін Pride FC чемпионы, екі дүркін RINGS жеңімпазы, Ресейдің аралас жекпе-жек одағының бұрынғы басшысы. Ол мансабындағы соңғы жекпе-жегін биыл ақпанда өткізді. Лос-Анджелестегі Bellator 290 турнирінде Емельяненко америкалық Райн Бейдермен кездесіп, жеңіліп қалды.

Шавкат Рахмонов соңғы рет октагонға 2023 жылы желтоқсанда шықты. Ол Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC турнирінде америкалық файтер Стивен Томпсонды мерзімінен бұрын жеңген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2096000-qyzyq-faiter-reseilik-sportshy-fedor-emelianenko-shavkat-rahmonov-turaly-pikirin-aitty/

pixel