Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шавкат Рахмоновтың келесі жекпе-жегі қашан өтуі мүмкін: команданың бас бапкері жауап берді

Опубликовано:

Шавкат Рахмонов
Шавкат Рахмонов. Фото: Cooper Neill/Zuffa LLC via Getty Images

DAR Team командасының бас бапкері Эдуард Базров қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі келесі жекпе-жегі қашан өтуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Sport+ Qazaqstan басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылым мәліметінше, қазіргі таңда жаттығу процесі басталып кеткен.

"Иә, жаттығу процесі басталды. Күн сайын залда екі жаттығы болады. Шавкат жаз соңына қарай жақсы формада болады деп ойлаймын. Жекпе-жекті қыркүйекте өткізгіміз келеді. Қазір физикалық формасына, дайындығына жұмыс істеп жатырмыз. Сондай-ақ соққы техникасын шыңдап жатырмыз. Жаз соңына қарай Шавкат кез келген қарсыласқа дайын болады", - деді Эдуард Базров.

Еске салайық, қазақстандық файтер өзінің соңғы жекпе-жегін 2023 жылы желтоқсанда Лас-Вегас (АҚШ) қаласында өткізіп, америкалық файтер Стивен Томпсонды мерзімінен бұрын жеңді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2097884-shavkat-rahmonovtyng-ufc-degi-kelesi-zhekpe-zhegi-qashan-otetini-belgili-boldy/

pixel