Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шавкат Рахмоновтың дивизионында титулды жекпе-жек болатыны ресми түрде хабарланды

Опубликовано:

Белал Мухаммед пен Леон Эдвардс
Белал Мухаммед пен Леон Эдвардс. Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images

UFС промоушенінің басшысы Дана Уайт қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов сынға түсетін жартылай орта салмақтағы титулды жекпе-жек туралы ресми мәлімдеме жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Дана Уайттың Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

77 кг дейінгі салмақта UFC-дің қазіргі чемпионы британиялық Леон Эдвардс америкалық файтер Белал Мухаммадпен жекпе-жек өткізіп, чемпиондық атағын қорғайды. Титулды жекпе-жек 27 шілдеде Манчестерде (Англия) өтетін UFC 304 турнирінің басты оқиғасы болмақ.

Леон Эдвардс соңғы кездесуінде UFC-дің жартылай орта салмақтағы бұрынғы уақытша чемпионы Колби Ковингтонмен кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңген еді. Белал Мухамад соңғы жекпе-жегінде бразилиялық Гилберт Бернсті ұтқан болатын.

Айта кетейік, Белал жартылай орта салмақтағы дивизионда екінші орында келеді. Ол енді ғана ресми түрде үміткер мәртебесін алды. Ал Шавкат Рахмонов дивизионда үздік үштікті түйіндеп тұр. Бұл жекпе-жек Рахмонов үшін тиімді болмақ. Өйткені осы жекпе-жектің нәтижесіне қарай қазақстандық файтер чемпиондыққа келесі үміткер атануы мүмкін.

Сондай-ақ, UFC 304 турнирінде Том Аспиналл мен Кертис Блэйдс ауыр салмақтағы уақытша чемпион атағы үшін жұдырықтасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2102114-shavkat-rahmonovtyng-divizionynda-tituldy-zhekpe-zhek-bolatyny-resmi-turde-habarlandy/