jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Мұхтар Шаханов қазақ қызына үйленген бразилиялық спортшыға бата берді (видео)

    Мұхтар Шаханов пен Дуглас Пума
    Мұхтар Шаханов пен Дуглас Пума. Видеодан кадр: Instagram/dhouglas_puma

    Аты аңызға айналған ақын Мұхтар Шаханов қазақ қызына үйленген бразилиялық спортшы Дуглас Пумаға батасын берді. Аралас жекпе-жек жұлдызы ерекше сәтті әлеуметтік желіде жриялаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Naiza" промоушенінде жұдырықтасатын Дуглас Пума әйгілі Мұхтар Шахановтан батасын алған видеосын Instagram-дағы парақшасында жария етті. Сөзінше, ақын оның үйіне қонақ болып келген.

    "Бүгін жұбайымның үйінде өткен мерекелік кеште мен Қазақстаннан шыққан аңыз ақын, легенда адам Мұхтар Шахановты көрдім. Ол кісімен сұхбаттасу мен үшін үлкен мақтаныш және қуаныш. Маған және менің әйеліме айтқан әрбір тілегіңізге, ниетіңізге алғыс білдіремін. Бұл кездесу мен үшін мақтаныш! Өмірімдегі барлық жақсы күндерім үшін Аллаға сансыз шүкіршіліктер айтамын. Аңыз адаммен бір естелік видео болсын. Мұхтар ағаның тілегі мен әзілін видеодан көре аласыздар", - деп жазды спортшы.

    Дуглас Пума Шахановқа ақ батасы мен тілегі үшін алғысын айтты.

    Мұхтар Шаханов қазақ қызына үйленген бразилиялық спортшыға бата берді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.