jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    UFC-ге оралғысы келетінін айтқан Жалғас Жұмағұлов АҚШ-та жаттығу жиындарын бастады (фото)

    Жалғас Жұмағұлов
    Жалғас Жұмағұлов. Фото: instagram.com/zhumagulov_zhalgas

    Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов АҚШ-тағы жаттығуын бастады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    "Жако" Instagram желісіндегі ресми парақшасында АҚШ-тағы American Top Team залында түскен суретін жариялап, "мен осындамын" деп жазды.

    Айта кетейік, қазақстандық файтер соңғы рет ақпанда жекпе-жекке шыққан еді. Ол Алматыда өткен Naiza 57 турнирінде Кливленд Маклинді төрешілердің шешімімен жеңді. Осы жекпе-жекте ол аяғын сындырып алып, кейін емделген еді.

    Ал сәуірде Жұмағұлов UFC-ге қайта оралғысы келетінін мәлімдеген болатын.

    "Жағдайым жақсы. Жарақатымнан айығып қалдым. Жақында АҚШ-қа аттанамын. Тамызда жекпе-жекке шыққым келеді. Саятпен (менеджер) сөйлестім. UFC-мен келіссөз жүргізіп жатырмын", - деген еді қазақстандық файтер Legalbet.kz сайтына берген сұхбатында.

    Жұмағұлов UFC промоушенінде 2020-2023 жыл аралығында өнер көрсетті. Осы кезеңде ол 1 рет жеңіске жетсе, 6 мәрте жеңіліс тапты.

    Жалғас Жұмағұлов
    Жалғас Жұмағұловтың Instagram Stories-і. Фото: instagram.com/zhumagulov_zhalgas

    UFC-ге оралғысы келетінін айтқан Жалғас Жұмағұлов АҚШ-та жаттығу жиындарын бастады (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.