jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Жалғас Жұмағұлов аяғы сынғанына қарамастан америкалық қарсыласын жеңді

    Жалғас Жұмағұлов
    Жалгас Жұмағұлов. Фото: Gettty Images/Jeff Bottari / Contributor

    Алматыда өткен Naiza 57 турнирінің басты жекпе-жегінде қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов пен (15-9) АҚШ өкілі Кливленд Маклин (17-11) кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Кездесу аса жеңіл салмақта өтті және үш раундқа созылды. Жалғас Жұмағұлов жекпе-жек барысында аяғын сындырып алғанына қарамастан белгіленген уақыт аяқталғанша өнер көрсетіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Осылайша 35 жастағы қазақстандық файтер мансабындағы 16-жеңісіне қол жеткізді. Ал Кливленд Маклин 12-рет жеңіліс тапты.

    Бұл Жалғас Жұмағұловтың UFC-ден кеткеннен кейінгі екінші жекпе-жегі болды. Ол 2023 жылы UFC промоушенінен шыққан соң, Naiza лигасында дебют жасады. Сол дебютінде Жұмағұлов жапониялық файтер Масато Накамураны (9:8) нокаутпен жеңген болатын.

    Ал Кливленд Маклин осыған дейін 2023 жылдың тамызында жекпе-жек өткізіп, отандасы Фуми Нкутадан жеңіліп қалған еді.

    Еске салайық, Naiza 57 турнирінің негізгі кардында өнер көрсеткен Жұман Жұмабеков бразилиялық файтерден ұтылып қалды.

    Жалғас Жұмағұлов аяғы сынғанына қарамастан америкалық қарсыласын жеңді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.