Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асу Алмабаев UFC-де үшінші рет жеңіске жетті

Жарияланған күні:

Асу Алмабаев
Асу Алмабаев. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC промоушеніндегі үшінші жеңісіне қол жеткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бүгін, 16 маусымда Асу Алмабаев АҚШ-тағы UFC on ESPN 58 турнирінің басты кардында жекпе-жек өткізді. Ол америкалық файтер Хосе Джонсонмен кездесті. Үш раундқа созылған жекпе-жекте Алмабаев төрешілердің шешімімен қарсыласынан басым түсті. Осылайша қазақстандық файтер MMA-дағы жиырмасыншы, ал UFC-дегі үшінші жеңісіне қол жеткізді.

Алмабаев наурызда тағы бір америкалық спортшы Си Джей Вергарамен жекпе-жекке шығып, төрешілердің шешімімен жеңген болатын.

Еске салайық, Dar Pro Team командасының бұрынғы бас бапкері Азиз Разыев егер Асу Алмабаев UFC-дегі келесі жекпе-жегінде жеңіске жетсе, үздік 15 файтердің қатарына қосылуы мүмкін екенін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2118036-asu-almabaev-ufc-de-ushinshi-ret-zhengiske-zhetti/