jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "UFC-дің ТОП-15 файтерінің қатарына қосылады": Алмабаевтың бапкері оның келесі жекпе-жегі туралы айтты

    Асу Алмабаев
    Асу Алмабаев. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

    Dar Pro Team командасының бұрынғы бас бапкері Азиз Разыев қазақстандық файтер Асу Алмабаевтың UFC-дегі кезекті жекпе-жегі туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sport Plus Qazaqstan телеарнасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Асу Алмабаев 16 маусымда UFC on ESPN 58 турнирінің негізгі кардында өнер көрсетеді. Оның қарсыласы – АҚШ өкілі Хосе Джонсон (16-8).

    "Асу жиі жекпе-жек өткізетіндіктен және іс жүзінде ешбір қарсыласынан бас тартпайтындықтан, алдағы жекпе-жекте жеңіске жетсе UFC рейтингінде ТОП-15-ке кіруі мүмкін.

    Оның қарсыласы қызық файтер, екеуі стилистикалық жағынан өте ерекшеленеді. Бірақ бұл Асуға ешқандай қиындық тудырмауы керек. Алмабаевтың бірінші тейкдаунынан кейін Джонсонның жоспары құрдымға кетіп, Асу басым болады. Ең бастысы – босаңсымау, назарды ұстап тұру және артық соққылар жіберіп алмау. Оның қолынан бәрі келетініне сенімдімін", - деді Разыев.

    Еске салайық, Асу Алмабаев соңғы жекпе-жегінде АҚШ өкілі Си Джей Вергарамен жұдырықтасып, төрешілердің шешімімен жеңген еді. Осылайша кәсіби мансабындағы он тоғызыншы, ал UFC-дегі екінші жеңісіне ие болды.

    "UFC-дің ТОП-15 файтерінің қатарына қосылады": Алмабаевтың бапкері оның келесі жекпе-жегі туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.