jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    UFC чемпионы Шавкат Рахмоновпен жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді

    Шавкат Рахмонов
    Шавкат Рахмонов. Фото: Cooper Neill/Zuffa LLC via Getty Images

    UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы британиялық Леон Эдвардс TNT Sports Youtube арнасына берген сұқбатында алдағы уақытта қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке шығатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Леон Эдвардс файтер Белал Мұхаммедке қарсы кездесуі алдында сұқбат берген болатын. Сұқбат барысында журналист оның келесі жекпе-жегі туралы, Шавкат Рахмоновпен кездесуі туралы сұрады. Бұл сұраққа Леон Эдвардс:

    "Мүмкін, ол келесі...", - деп жауап берді.

    Айта кетейік, Леон Эдвардс пен Белал Мұхаммед арасындағы жекпе-жек 27 шілдеде Манчестерде (Англия) өтеді.

    Шавкат Рахмонов қазіргі таңда жарақаты мен операциясынан кейін емделіп жатыр. Қазақстандық файтер күзде жұдырықтасады деп күтілуде. Бұған дейін Шавкат Рахмоновтың менеджері Саят Абдрахманов файтердік келесі кездесуі Леон Эдвардс – Белал Мұхаммед арасындағы жекпе-жегінің нәтижесіне байланысты болатынын айтқан еді.

    UFC чемпионы Шавкат Рахмоновпен жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.