Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қашатын жер жоқ, дайын бол": Шавкат Рахмонов UFC чемпионын жекпе-жекке шақырды

Жарияланған күні:

Шавкат Рахмонов
Шавкат Рахмонов. Фото: Sean M. Haffey/Getty Images

UFC-дің жартылай орта салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық Шавкат Рахмонов чемпиондық жекпе-жекке қатысты пікірін білдірді. Бұл туралы қазақстандық файтер YouTube желісіндегі Submission Radio арнасына берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • UFC-дің жартылай орта салмақ дәрежесіндегі қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмонов чемпиондық белбеуге таласуға дайын екенін мәлімдеді.
  • Рахмоновтың айтуынша, қазіргі чемпион Белал Мухаммадпен жекпе-жек оның мансабындағы ең қиын сынақ болуы мүмкін, бірақ ол жеңіске жететініне сенімді.
  • "Қашатын жер жоқ, дайын бол" деп Белал Мухаммадқа үндеу жасаған Рахмонов UFC чемпиондық атағын Қазақстанға алып келуге ұмтылатынын айтты.

Шавкат Рахмонов сұқбатында қазіргі чемпион Белал Мухаммадтың Леон Эдвардсқа қарсы жекпе-жегінде жеңіске жеткеніне таңғалғанын жасырмады.

"Мен Белалдың жеңісіне күмәнім болды, бірақ ол керемет өнер көрсетті және чемпиондық белбеуді лайықты түрде жеңіп алды. Бірақ оның ендігі міндеті – менімен жекпе-жек өткізіп, чемпиондық атағын қорғау. Біз кімнің нағыз жауынгер екенін анықтайық – ол ма, әлде мен бе?

Белалдың қарсыластары оны бағаламай, үлкен қателік жіберді. Ол жоспарға сай әрекет ететін, күрес пен қысым арқылы жеңіске жетуге тырысатын жауынгер. Оның әр жекпе-жекте қалай дамып, жақсарып жатқанын көріп отырмыз", - деді Шавкат Рахмонов.

Сондай-ақ Шавкат Рахмоновтың айтуынша, Белалмен жекпе-жек оның мансабындағы ең қиын жекпе-жек болуы мүмкін, бірақ ол бұл кездесуді жеңетініне сенімді.

"Белалмен жекпе-жегіміз өте қиын болмақ. Ол өз мәнерімен төбелесуге тырысады, жеңіс үшін барын салады. Бұл мен үшін оңай болмайды, бірақ мен бұл жекпе-жекте жеңіске жететініме сенімдімін.

UFC мені чемпиондық жекпе-жекке бірінші нөмірлі үміткер деп санайды. Себебі мен UFC-дегі барлық жекпе-жегімді жеңіспен аяқтадым. Сондықтан мен чемпиондық атаққа күресетін келесі үміткер болуым керек деп ойлаймын! Қалғандары да жақын, бірақ оларға тағы 1-2 жеңіс қажет. Ал мен – келесі үміткермін!

Мен Белалмен кез келген уақытта жекпе-жекке шығуға дайынмын. Жыл соңында немесе келесі жылдың басында – UFC қашан шешсе, Белал қашан дайын болса, сол кезде мен де дайынмын. Мен титулды жеңіп, оны Қазақстанға алып келуге дайынмын!

Белал бұл сұхбатты көретін болса, мен не айтар едім? Дайын бол! Қашатын жер жоқ", - деді Шавкат Рахмонов.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов MMA-да 18 жекпе-жек өткізіп, бәрін уақытынан бұрын жеңген. Ол соңғы жекпе-жегін 2023 жылы желтоқсанда Лас-Вегас (АҚШ) қаласында өткізіп, америкалық файтер Стивен Томпсонды екінші раундта ұтқан болатын.

Ал осыдан бір айы бұрын америка-палестиналық аралас жекпе-жек шебері Белал Мухаммад англиялық файтер Леон Эдвардсты жеңіп, жартылай орта салмақта UFC-дің жаңа чемпионы атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2154229-qashatyn-zher-zhoq-daiyn-bol-shavkat-rahmonov-ufc-chempionyn-zhekpe-zhekke-shaqyrdy/