jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Күресе алмайды": Хамзат Чимаев қазақ жауынгері Шавкат жайлы тосын пікір білдірді

    Шавкат Рахмонов
    Шавкат Рахмонов. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

    UFC-дің орта салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Хамзат Чимаев қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов туралы пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    TikTok желісінде UFC файтері Хамзат Чимаевтың қатысуымен видео жарияланды. Аталмыш видеода Хамзат қарсыластарын 0-ден 10-ға дейінгі ұпай аралығында бағалады. Чимаев қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмоновқа 5 деген баға берді.

    "Шавкаттың соққысы жақсы және өзі де соққы көтере біледі. Бірақ ол күреске жоқ", - деді Хамзат Чимаев.

    Сондай-ақ Хамзат Чимаев басқа да қарсыластарын бағалап өтті. Шон Стриклендке – 5, Исраэль Адесаньяға – 5-6, Роберт Уиттакерге – 3-4, Леон Эдвардсқа – 2-3 деген бағаны берді. Ал ең жоғары бағаны UFC-дің ауыр салмақтағы чемпионы Джон Джонсқа (9 ұпай) берді.

    Еске салайық, Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсанында өткізген еді. Ол америкалық Стивен Томпсонды екінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.

    UFC-дің жартылай орта салмақ дәрежесіндегі рейтингісінде Шавкат Рахмонов 3-орында тұр, ал Хамзат Чимаев орта салмақ дивизионында 12-орынға жайғасқан.

    "Күресе алмайды": Хамзат Чимаев қазақ жауынгері Шавкат жайлы тосын пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.