Шетелдік БАҚ: Шавкат Рахмонов желтоқсанда UFC чемпионына қарсы кездесу өткізеді
Опубликовано:
Танымал инсайдер, Eurosport Nederland телеарнасының журналисі және Tapology.com сайтының редакторы Марсель Дорфф UFC чемпионы Белал Мухаммад пен қазақстандық Шавкат Рахмонов арасындағы жекпе-жектің қашан өтуі мүмкін екені туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
"Белал мен Шавкат арасындағы жекпе-жектің өту ықтималдығы өте жоғары. Менің ойымша, бұл кездесу UFC 310 турнирінде өтетін шығар", - деді Марсель Дорфф.
UFC 310 турнирі биыл 7 желтоқсанда Невада штатының Парадайс қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді. Сондай-ақ Белал Мухаммад келесі жекпе-жегін қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновқа қарсы өткізгісі келетінін мәлімдеген еді.
Айта кетейік, қазақстандық Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақ дәрежесінің рейтингінде үшінші орында тұр. Ал Белал Мухаммад қазіргі чемпион. 36 жастағы Белал Мухаммадтың есебінде 24 жеңіс, 3 жеңіліс және 1 тең нәтиже бар. 28 жастағы Шахкат Рахмонов 18 кездесудің бәрінде жеңіске жеткен.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2169147-sheteldik-baq-shavkat-rahmonov-zheltoqsanda-ufc-chempionyna-qarsy-kezdesu-otkizedi/