Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

UFC Шавкат Рахмонов өнер көрсететін дивизионның рейтингін жаңартты

Жарияланған күні:

Шавкат Рахмонов
Шавкат Рахмонов. Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images

UFC промоушенінің барлық салмақ дәрежесі бойынша рейтингтер жаңарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ UFC-дің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Аралас жекпе-жекте әлі жеңілмеген қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмонов өнер көрсететін жартылай орта салмақта үздік төрттіктен төмен қарай өзгерістер болды. Осы демалыс күндері Стивен Томсонды нокаутпен жеңген америкалық Хоакин Бакли 9-орынға көтерілді. Оның жеңілген қарсыласы 11-орынға төмендеді.

Тағы бір америкалық файтер Колби Ковингтон бір позицияны жоғалтып, жартылай орта салмақтағы рейтингте үздік бестіктен шығып қалды. Шон Брэди 5-орынға көтерілді.

UFC лигасының жартылай орта салмақ дәрежесіндегі үздік 10 файтер:

  • Белал Мухаммад (АҚШ) – чемпион;
  • 1. Леон Эдвардс (Ұлыбритания);
  • 2. Камару Усман (США);
  • 3. Шавкат Рахмонов (Қазақстан);
  • 4. Джек Делла Маддалена (Аустралия);
  • 5. Шон Брэди (АҚШ);
  • 6. Колби Ковингтон (АҚШ);
  • 7. Ян Гарри (Ұлыбритания);
  • 8. Гилберт Бернс (Бразилия);
  • 9. Хоакин Бакли (АҚШ);
  • 10. Джефф Нил (АҚШ).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2171530-ufc-shavkat-rahmonov-oner-korsetetin-divizionnyng-reitingin-zhangartty/