Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шавкат болуы мүмкін": UFC чемпионы желтоқсанда жекпе-жек өткізуге дайын

Жарияланған күні:

Шавкат Рахмонов
Шавкат Рахмонов. Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images

UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мухаммадтың желтоқсан айында титулдық жекпе-жек өткізуге дайын. Бұл туралы файтердің менеджері Али Абдель-Азиз YouTube желісіндегі "Submission Radio" арнасына берген сұқбатында мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Али Абдель-Азиздің айтуынша, Белал Мухаммад желтоқсанда жекпе-жекке өткізуге толыққанды дайын. Бірақ бұл жөнінде ресми мәлімдеме UFC тарапынан жасалуы тиіс.

"Белал желтоқсанда жекпе-жекке шығуға дайын. Біз дайынбыз, бірақ бұл шешімді UFC қабылдайды. Мен жекпе-жек туралы сіздің подкастта жариялай алмаймын. Белалдың кіммен, қай жерде, қашан жекпе-жекке шығатынын Дана Уайттан сұрау керек

Қарсылас Шавкат болуы мүмкін немесе Усман болуы мүмкін. UFC кімді таңдаса, сол қарсылас болады. Чемпион екенің рас болса, UFC тағайындаған кез келген қарсыласқа қарсы шығуың керек. Қарсыласыңның кім екені маңызды емес", - деді Али Абдель-Азиз.

Бұған дейін танымал инсайдер, Eurosport Nederland телеарнасының журналисі және Tapology.com сайтының редакторы Марсель Дорфф UFC чемпионы Белал Мухаммад пен қазақстандық Шавкат Рахмонов арасындағы жекпе-жек желтоқсан айында өтетін айтқан еді.

Айта кетейік, қазақстандық Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақ дәрежесінің рейтингінде үшінші орында тұр. Ал Белал Мухаммад қазіргі чемпион. 36 жастағы Белал Мухаммадтың есебінде 24 жеңіс, 3 жеңіліс және 1 тең нәтиже бар. 28 жастағы Шахкат Рахмонов 18 кездесудің бәрінде жеңіске жеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2173203-shavkat-boluy-mumkin-ufc-chempiony-zheltoqsanda-zhekpe-zhek-otkizuge-daiyn/