jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Шавкат Рахмонов АҚШ-қа аттанды: ол желтоқсанда чемпиондық жекпе-жегін өткізеді

    Шавкат Рахмонов
    Шавкат Рахмонов. Фото: instagram.com/darteam.kazakhstan

    UFC-дің жартылай орта салмақтағы жауынгері Шавкат Рахмонов чемпиондық жекпе-жегіне дайындалу үшін АҚШ-қа аттанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Өз мансабында жеңіліс таппаған қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпиондық титулы сарапқа салынатын жекпе-жекке дайындалу мақсатында АҚШ-қа аттанды. Бұл туралы DAR Pro Team жауынгерлік клубы Instagram желісіндегі ресми парақшасында мәлімдеді.

    "Біздің командамыздың жауынгері Шавкат Рахмонов АҚШ-тағы Килклиф жаттығу базасына алдағы титулдық жекпе-жекке дайындалу мақсатында аттанды. Сәт сапар, Шавкат", - деп жазды DAR Pro Team жауынгерлік клубы.

    Айта кетейік, Шавкат Рахмонов 7 желтоқсанда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында UFC 310 турнирінде жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мухаммадқа қарсы кездесу өткізеді. Бұл жекпе-жек Шавкат Рахмонов үшін UFC-дегі жетінші кездесуі болмақ.

    Сондай-ақ кеше, 23 қазанда Шавкат Рахмонов 30 жасқа толған болатын.

    Шавкат Рахмонов АҚШ-қа аттанды: ол желтоқсанда чемпиондық жекпе-жегін өткізеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.