jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Шетелдік сарапшы: Шавкат Рахмоновтың қарсыласы кездесуден бас тартты

    Белал Мухаммад
    Белал Мухаммад. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

    UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мухаммад UFC 310 турниріндегі жекпе-жектен бас тартты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Аустралиялық инсайдер Брэндон Брэдфорд Х желісіндегі ресми парақшасында Белал Мухаммад (24-3) қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновқа (18-0) қарсы кездесуден бас тартқаны туралы айтты.

    "UFC 310 турниріне жаңа басты жекпе-жек қажет болса, бұл мүмкіндікті пайдалануға дайын бір жігіт бар екенін білемін", - деп Брэндон Брэдфорд қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың жаңа қарсыласы ретінде Алекс Перейраның видеосын жариялады.

    Сондай-ақ шетелдік инсайдер бұл ақпарат нақтыланған кезде UFC Шавкат Рахмоновқа жаңа қарсылас тауып беретінін жеткізді.

    Айта кетейік, Шавкат Рахмонов 7 желтоқсанда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында UFC 310 турнирінде жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мухаммадқа қарсы кездесу өткізуі керек болған.

    Брэндон Брэдфордтың Х желісіндегі жазбасы
    Брэндон Брэдфордтың Х желісіндегі жазбасы. Скриншот: x.com/Bendaman2001

    Шетелдік сарапшы: Шавкат Рахмоновтың қарсыласы кездесуден бас тартты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.