jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Белал Мухаммад неге Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке шыға алмайтыны белгілі болды (видео)

    Белал Мухаммад
    Белал Мухаммад. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC

    Жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Белал Мухаммад қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновпен неліктен жекпе-жекке шыға алмайтынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Белал Мухаммад Instagram-дағы парақшасына ауруханада жатқан видеосын жариялап, жазба қалдырды.

    "Аяғымның сүйегіне инфекция жұқтырып алдым. Антибиотиктер салу үшін аяғыма операция жасауға тура келді. Алдағы алты апта бойы физикалық белсенділік танытуға тыйым салды. Алланың жоспары – үздік жоспар. Жоспарларыңызды бұзғаным үшін кешірім сұраймын. Жақында ораламын, Иншалла", - деп жазды спортшы.

    Осыған дейін Белал Мухаммад пен Шавкат Рахмонов арасындағы кездесу өтпейтінін жазғанбыз. Жекпе-жек 7 желтоқсанда Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) болады деп жоспарланған еді.

    Шавкат Рахмонов соңғы кездесуін 2023 жылы желтоқсанда өткізіп, америкалық файтер Стивен Томпсонды екінші раундта ұтқан болатын. Қазақстандық файтер MMA-да 18 рет, UFC-де 6 рет жеңіске жеткен.

    Ал Белал Мухаммад биыл шілдеде Манчестерде өткен UFC 304 турнирінде Леон Эдвардсты төрешілердің бірыңғай шешімімен ұтып, жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы атанды. Оның MMA-дағы рекорды – 24-3.

    Белал Мухаммад неге Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке шыға алмайтыны белгілі болды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.