jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    UFC рейтингі жаңарды: Шавкат Рахмонов пен Асу Алмабаев нешінші орында тұр

    Шавкат Рахмонов пен Асу Алмабаев
    Шавкат Рахмонов пен Асу Алмабаев. Фото: instagram.com/asu_zulfikar57

    Бүгін, 5 қарашада UFC промоушенінің барлық салмақ дәрежесіндегі рейтингі жаңартылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ UFC-дің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақтағы рейтингте үшінші орында қалды. Ал бірінші орында Леон Эдвардс, екінші сатыда Камару Усман тұр. Бұл дивизионда чемпиондық титул иегері – Белал Мухаммад.

    Асу Алмабаев ең жеңіл салмақ дәрежесі рейтингінде әлі де жетінші орында тұр. Мұндағы топ-3 файтер Брэндон Ройвал, Брэндон Морено және Амир Альбази. Ал чемпиондық титул Алешандре Пантожаға тиесілі.

    Айта кетейік, Шавкат Рахмонов 7 желтоқсанда Белал Мухаммадпен титулды жекпе-жекке шығуы керек болатын. Алайда америкалық файтер ауруханаға түсіп қалып, кездесуден бас тартты. Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2023 жылы желтоқсанда өткізіп, АҚШ спортшысы Стивен Томпсонды екінші раундта ұтқан болатын. Қазақстандық файтер MMA-да 18 рет, UFC-де 6 рет жеңіске жеткен.

    Асу Алмабаев биыл қазанда бразилиялық файтер Матеус Николауға қарсы жекпе-жек өткізіп, төрешілердің бірыңғай шешімімімен басым түсті. Осылайша кәсіби мансабындағы 21, ал UFC-дегі 4-жеңісіне қол жеткізген еді.

    UFC рейтингі жаңарды: Шавкат Рахмонов пен Асу Алмабаев нешінші орында тұр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.