UFC-дің жартылай орта салмақтағы бұрынғы чемпионы Камару Усман қазақстандық Шавкат Рахмоновқа қарсы UFC 310 турнирінде жекпе-жек өткізу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Мен әлі күнге дейін жаттығу залында дайындалып жүрмін... Егер UFC Шавкат Рахмоновқа қарсы жекпе-жекке шығуға батыл әрі мықты деп санайтын біреуді шақыру керек деп шешсе немесе қысқа мерзімде жекпе-жекке шығып, әлемді таң қалдыруға дайын болса, UFC кімге қоңырау шалу керек екенін біледі.
Осындай жағдай туындап, маған хабарласса, мен жауап беремін. Біз біраз нәрсені анықтап алуымыз керек және егер жекпе-жек өткізу қажет болса, мен оны қабылдаудан бас тартпаймын. Бұған дейін сегіз күнде жекпе-жекке шыққан кездерім де болады," - деді Камару Усман YouTube желісіндегі Pound 4 Pound with Kamaru & Henry арнасына берген сұқбатында.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов 7 желтоқсанда Лас-Вегаста өтетін UFC 310 турнирінде жартылай орта салмақтағы қазіргі чемпион Белал Мухаммадпен кездесуі керек еді. Алайда, палестиналық спортшы денсаулығына байланысты жекпе-жектен бас тартты. Қазіргі таңда ұйымдастырушылар Шавкат Рахмоновқа жаңа қарсылас іздеуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2184737-ufc-ding-buryngy-chempiony-qazaqstandyq-shavkat-rahmonovpen-kezdesuge-daiyn-ekenin-aitty/