jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Шавкат Рахмонов 80 мың теңгеге жекпе-жекке шығатын қарсылас "іздеп жатыр"

    Шавкат Рахмонов
    Шавкат Рахмонов. Фото: Cooper Neill/Zuffa LLC via Getty Images

    UFC жауынгері Шавкат Рахмонов Instagram желісіндегі ресми парақшасында әзіл аралас сурет жариялап, көпшілікті күлкіге қалдырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    UFC-дің жартылай орта салмақтағы файтері Шавкат Рахмонов Instagram желісіндегі ресми парақшасына тосын сурет жариялады. Ол 80 мың теңгеге жекпе-жекке шығатын қарсылас іздеп жатқанын жазды.

    "80 мың теңгеге жекпе-жекке шығатындар бар ма?" - деп жазған Шавкат Рахмонов.

    Шавкат Рахмоновтың Instagram Stories-і
    Шавкат Рахмоновтың Instagram Stories-і. Скриншот: instagram.com/shavkatrakhmonov94

    Айта кетейік, Шавкат Рахмонов 8 желтоқсанда ирландиялық Иэн Гэрримен (15-0) жекпе-жекке шығады. Бұл кездесу Лас-Вегастағы (АҚШ) UFC 310 турнирі аясында өтеді және әлі жеңіліп көрмеген қос файтер бес раунд күш сынасады.

    Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2023 жылы желтоқсанда өткізіп, америкалық спортшы Стивен Томпсонды екінші раундта ұтқан болатын. Шавкат MMA-да 18 рет, UFC-де 6 рет жеңіске жеткен.

    Ал 27 жастағы Иэн Гэрри өз мансабында 19 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Ол соңғы рет 29 маусымда Майкл Пейджді төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңді.

    Шавкат Рахмонов 80 мың теңгеге жекпе-жекке шығатын қарсылас "іздеп жатыр"

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.