jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақ файтері Мұратбек Қасымбай UFC-дің бұрынғы чемпионымен кездесу өткізгісі келетінін айтты

    Мұратбек Қасымбай
    Мұратбек Қасымбай. Фото: instagram.com/muratbek_kassymbay

    ММА файтері Мұратбек Қасымбай UFC-дің жартылай орта салмақтағы бұрынғы чемпионы, америкалық Тайрон Вудлимен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ YouTube желісіндегі "Вестник ММА" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Шынымды айтсам, қазақстандық спортшылармен жұдырықтасқым келмейді. Ал ресейліктермен кәсіби мансабымда талай рет кездестім, шаршадым. Маған экзотикалық қарсыластармен, мысалы, қара нәсілді спортшылармен жекпе-жек өткізу қызық. Мысалы, Тайрон Вудлимен. Ешқандай қалжыңсыз айтып тұрмын, шынымен осындай ойым бар. Бокс ережесі бойынша немесе басқа форматта кездесуге дайынмын. Егер қызық болатын болса, ұсыныс жасаймын. Тайрон Вудли қазір еркін агент, мен онымен жұдырықтасқым келеді", - Мұратбек Қасымбай.

    Айта кетейік, Мұратбек Қасымбай келесі жекпе-жегін кәсіби бокс ережелері бойынша өткізеді. Ол 27 желтоқсанда Алматыда "Перс" лақапатымен танымал Иран спортшысы Мухаммед Хейбатимен кездеседі.

    Қазақ файтері Мұратбек Қасымбай UFC-дің бұрынғы чемпионымен кездесу өткізгісі келетінін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.